RU
ӘЧ-2018-де елдің ерекше ықыласына бөленген жапондар неге тазалықсүйгіш?
Жаңалықтар Әлем чемпионаты - 2018

ӘЧ-2018-де елдің ерекше ықыласына бөленген жапондар неге тазалықсүйгіш?

Рассказать Вконтакте

Биылғы доп додасында Жапония жанкүйерлері ерекше сүйсінтті. Олар ұранмен емес, мәдениетпен қайран қалдырды. Әр ойын соңында құрама жанкүйерлері өздері отырған сектордағы қоқыстарды жинап, мәдениеттің жоғарғы үлгісін көрсетті. Жапондардың бәрі бірдей осындай ма? Әлде бұл заң күшінің нәтижесі ме ол сұрақтың жауабын massaget.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Фото: tenemosnoticias.com

Фото: tenemosnoticias.com

Футболшы Мая Йосиданың айтуынша, асылында бұл – халық санасына сіңген мәдениет екен.

"Жапон ұғымына сүйенсек, кез келген орынды саған дейінгі таза қалпынан да тазартып кету керек. Сондықтан біздің іске таң қалудың қажеті жоқ", - дейді ол.

Басылымның жазуынша, халықтың мәдинеттілігіне Жапониядағы реформалар мен тәртіптің әсер еткен. Соғыстан кейінгі индустриализациядан кейін қоқыс Жапония үшін күн тәртібінің мәселесіне айналды. Қоқыс төгетін жер азайды, шетке шығарылатындары өз уақытынан кешіктіріліп жүрді. Нәтижесінде 90-жылдардың ортасында Жапония заң қабылдап, артынша 2001 жылы Қоршаған орта министрлігі құрылды.

Содан бері Жапония үшін қоқыс пен қоршаған орта мәселесі оңалып, тіпті дамып кетті. Қазір тұрғындар қоқысты жанатын, жанбайтын, қайта өңделетін және ірі қоқыс деп сұрыптап жинайды. Әр қоқыс түрінің түрлі-түсті өз қабы бар және сұрыпталған қоқыс түрін сыртқа шығарып қою күндері де белгіленген. Ереже бұзылса, тұрғындар айыппұл төлейді.

Фото: tenemosnoticias.com

Фото: tenemosnoticias.com

Жапонияда қоқыс көмілмейді және жиналмайды. Технологтар сұрыпталған қоқысты өртейді де, қалдықтарын ғимараттар іргетасына пайдаланады.

Сондай-ақ, Жапония көшелерінде қоқыс жәшіктері аз, соған қарамастан қоқыс кездестіру қиынның қиыны. Бұған ірі көлемдегі айыппұлдың да әсері бар. Заңсыз қалдырылған қоқыс үшін мұнда 25 миллион теңге айыппұл салынады.

Еске сала кетейік, биылғы чемпионатта ел жанкүйлері ғана емес Жапония құрамасы да өзінің мәдениеттілігімен көз түсті. Олар 1/8 финалда Бельгиядан ұтылып қалса да, киіну бөлмесін жинап, алғыстарын айтып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel