Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең әдемі боксшы қыздың кезекті қарсыласы анықталды (фото)

Опубликовано:

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты белгілі болды деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фируза Шарипова. Фото: prosports.kz
Фируза Шарипова. Фото: prosports.kz: UGC

Қазақстандық боксшы қыз испаниялық былғары қолғап шебері Мириам Гутьерреспен кездеседі. Жекпе-жек 4 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы M-1 аренасында өтеді. Бұл туралы Шарипованың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

"Біз M-1 аренаны таңдадық. Жекпе-жеккке арналған жаңа спорт алаңы талаптарға толық жауап береді. Біз трибунадағы жанкүйерлер, сонымен қатар телекөрермендер үшін үлкен шоу жасауға тырысудамыз. Жекпе-жектің трансляциясына әлемнің түкпір-түкпірінен өтініш түсіп жатыр. Бокс кеші 100-ден аса елде тікелей эфирде көрсетіледі. Фируза - әлемга танымал. оның шайқасын барлығы күтуде", - дейді Шарипованың менеджері.
Мириам Гутьеррес
Мириам Гутьеррес: UGC

Фирузаның қарсыласы - М. Гутьеррес Испания чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері. Кәсіби бокс алаңында 7 рет жұдырықтасқан. Жеті жекпе-жекте де жеңіс тұғырына көтерілген. Оның 3-уінде қарсыласын уақытына жетпей тізе бүктірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1740891-kazakstandagy-e-demi-bokssy-kyzdy-kezekti-karsylasy-anyktaldy-foto/

pixel