Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43 жастағы Алматы тұрғынын темекі бермегені үшін өлтіріп кетті

Опубликовано:

Алматы облысында темекі бермегені үшін 43 жастағы азаматты соққыға жығып, өлтірген бір топ азамат іске шатылды. Қазір күдіктілердің бірі қолға түскен деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ndn.info
Фото: ndn.info: UGC

Үш бажасымен моншадан шыққан Мұxит Оспановтан дүкен алдында тұрған бір топ жігіт темекі сұраған екен. "Шылымды сатып алғандарың дұрыс" деген жауап естіген жас жігіттер бірден Мұхитқа жұдырық ала жүгірген. Қатты соққыдан қол-аяғы сынып, миына қан кеткен 43 жастағы Мұхит Оспанов ауруханада үш күн жатып, тілге келместен қаза тапқан.

"Менің баламды қолымен өлтірді. Мойындарымен көтерсін. Жабылып ұрады. Одан кейін бір ғана адамды ұстап отыр. Бұл сұмдық қой. Солай өлтіріп жүре бере ме? Полиция қайда? Жалғыз ұлымды өлтірді", - дейді марқұмның анасы Алтынxан Алашбаева.

Қаза тапқан азаматтың туыстары күдіктінің біреуін тергеушілерге өздері ұстап алып барыпты.

"Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты барлық адамдар анықталып, біреуі аудандық сот санкциясымен қамауға алынды. Осы анықталған адамдардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Және іс-әрекеттері қандай екені осы процедуарлық шешімнен кейін анықталады", - дейді Алматы облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1740902-43-zastagy-almaty-trgynyn-temeki-bermegeni-sin-ltirip-ketti/

pixel