RU
Бүгін ел тұрғындары Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтуде
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін ел тұрғындары Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтуде

Рассказать Вконтакте

Бүгін барша қазақстандықтар Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: telegraf.com.ua

Иллюстрациялық фото: telegraf.com.ua

Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған болатын.

1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ресми түрде ауыстырылды. Ал 1998 жылғы 6 мамырдағы елбасының жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Ал 2008 жылы шілдеде Астана күні мемлекеттік мереке болып бекітілді. Содан бері Қазақстан халқы бұл мерекені атап өтіп келеді.

Ал осы күні ел тұрғындары мерекеге сәйкес демалып, отбасымен бірге өткізеді. Биыл да ел тұрғындарына атаулы күнге сәйкес үш күн демалыс берілген.

Мерекеге орай тұрғындарды елордада бүгін түрлі іс-шаралар күтіп тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel