RU
Алматыда сегіз баласымен пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған ана жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда сегіз баласымен пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматыда 8 баламен жалдамалы пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған ана көмек сұрап отыр. Әлима Жұбаеваның балаларының алды 16 жаста болса, ең кішісі әлі қырқынан да шықпаған. Көп балалы ана жақында тіпті тұрып жатқан үйінен де қуылып жатыр. Енді қайда барып күн көрерін білмейді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлима Жұбаева. Скриншот 31 арна

Әлима Жұбаева. Скриншот 31 арна

Алтын алқа иегерінің тұрғын үй департаментінде кезекте тұрғанына биыл бес жылдан асқан. Бірақ, көп балалы ананың әлі үйге қолы жетпейтін сыңайлы. Өйткені, кезек жылжымай тұр.

Әлиманың қуықтай бір бөлмелі пәтер сұрап бармаған жері қалмаған. Бірнеше жыл қатарынан баспана тауқыметін тартып 5 ұл, 3 қызын бағып отырған ана енді амалы таусылып, көпшіліктен көмек сұрайды.

"Шаршадым, күтіп, күтіп. Конкурстарға да қатысып тұрамын. Табысымды көрсете алмай, конкурстан да өте алмай жатырмын. Бір адамдай жүгіріп жүрмін. Жыламаған балаға емшек жоқ дейді ғой. Құр отырған жоқпын. Ізденіп те жүрмін. Бірақ, болмай жатыр шешімі", - дейді Әлима Жұбаева.

Әлима жарының көлік жүргізуші болып тапқан 100 мың теңге айлығы, отбасының шайлығына да жетпейді деп отыр. Жалдамалы пәтер үшін айына 50 мың теңге төлеп келген. Алайда, жақында оны да босатуына тура келеді.

"Міне, осы айдың онында үйді босатамыз. Бірақ, қайда барарымызды білмейміз. Бір күнде он шақты жалдамалы пәтерге хабарласамын. Бірақ бәрі бас тартады. Бірден сұрайтындары қанша балаңыз бар. Сегіз десем. Жоқ. Балаңыз көп екен дейді", - деді Әлима Жұбаева.

Алтын құрсақты ана әкімдік баспана мәселесін шешпесе, енді Астанадағы Бас прокоратураға шағымданамын деп бекініп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
7
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel