RU
Көкшетауда қала ішінде жол саламыз дегендер күлкіге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда қала ішінде жол саламыз дегендер күлкіге қалды

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда қала ішінде жол саламыз дегендер күлкіге қалды. Мердігер жолды кеңейтем деп, қақ ортада электр бағанасын қалдырып кеткен. Көлік жүргізушілері амалсыздан айналып өтіп жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Тұрғындар Ғабдуллин көшесі биыл жаңадан жөнделіп, жұрт инфрақұрылым бір жаңарып қалды деп қуанып еді. Алайда, жолдың ортасында қақшиып бетон бағанның тұруы қуаныштарын су сепкендей басыпты.

Белгілі болғандай бұл сол маңдағы станциямен жалғанған жоғары кернеулі электр бағанасы екен. Мердігер компания алдымен осы кедергілерді реттеместен, жолды кеңейтіп, асфальттап тастаған.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Әйтсе де, әкімдіктегілер төселген жолды қайта қопару керек деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel