RU
Бойындағы қауіпті инфекцияға қармастан екі баланың анасы еркектерге тәнін сатқан
Жаңалықтар Әлемде

Бойындағы қауіпті инфекцияға қармастан екі баланың анасы еркектерге тәнін сатқан

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның Шаартуз ауданы прокуратурасы кемінде он шақты ер азаматқа ВИЧ инфекциясын жұқтырған жезөкше әйелдің ісін сотқа жіберген деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: .narodna-pravda.ua

Көрнекі фото: .narodna-pravda.ua

Прокуратура мәліметі бойынша, айыпталып отырған 30 жастағы әйелдің екі баласы бар. Күйеуімен ажырасқаннан кейін тәнін сатып, пайда тапқан.

2014 жылдан бері ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығында есепте тұрады екен. Ол ВИЧ инфекциясын жұқтырғанына қарамастан, жыныстық қызмет көрсетуді жалғастыра берген.

Тергеушілердің айтуынша, оның клиенттерінің арасында үйленбеген жас жігіттер және бірнеше отбасылы ер азаматтар бар. Олардың бәрі де Шаартуз ауданының тұрғыны.

Әйелмен кемінде 10 ер адам жыныстық байланыста болған. Бірақ олардың қаншасы ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны жарты жылдан кейін анықталады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
3
3
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel