RU
Путин бастаған көшбасшылар елбасы мен Астанаға ақ тілегін арнады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Путин бастаған көшбасшылар елбасы мен Астанаға ақ тілегін арнады

Рассказать Вконтакте

Астананың 20 жылдығына және Қазақстан президентінің туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларының құттықтаулар жолдауда, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ

Құттықтау хатын жолдаған көшбасшылар арасында: Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, Испания Королі VI Фелипе, Польша президенті Анджей Дуда, Сербия президенті Александр Вучич, Болгария президенті Румен Радев, Грузия президенті Гиоргий Маргвелашвили, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев бар.

Владимир Путин өзінің құттықтау жеделхатында Астана мен Мәскеу арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығайып, Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық Экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы өзара табысты ықпалдастығы кеңейе түсетініне сенім білдірді.

"Сіз өз еңбегіңіздің арқасында Қазақстан халқының құрметіне бөленіп, халықаралық деңгейде жоғары беделге ие болдыңыз. Сіздің еуразиялық интеграция жөніндегі идеяларыңыз елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізіп, дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Шын жүректен Сізге зор денсаулық, бақ-береке, амандық және жаңа жетістіктер тілеймін", – десе, Испания Королі VI Фелипе өзіне қонақжайлық танытқан елбасын еске алды.
"Астана "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Сіздің еліңізге сапармен барғанда қонақжайлық танытып, мені ыстық ықыласпен қарсы алғаныңыз есімде.Осы тамаша мүмкіндіктің арқасында мен елордаңыздың заманауи инфрақұрылымы бар әрі жарқын болашаққа ұмтылған ірі қалаға айналғанын көрдім", – дейді VI Фелипе.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин бастаған көшбасшылар елбасына ақ тілегін арнап, туған күнімен құттықтаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel