RU
Ресейлік депутат Астананы Назарбаевтың атымен атауды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Ресейлік депутат Астананы Назарбаевтың атымен атауды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Әйелдер арасында алғаш рет ғарышқа сапар шеккен Валентина Терешкова ресейліктердің Нұрсұлтан Назарбаевқа деген махаббатын айтып, Астананы елбасының есімімен атауды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ (фото Макисм Бугаев/aero.maxxus.ru и yarwiki.ru)

Коллаж NUR.KZ (фото Макисм Бугаев/aero.maxxus.ru и yarwiki.ru)

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Терешкова Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, елорда президенттің арқасында бой көтергенін атап өтті.

"Менің ойымша Астана емес, сіздердің президенттеріңіздің есімімен аталу керек. Біз оны қатты жақсы көреміз және Владимир Путинмен Нұрсұлтан Назарбаевтың тамаша қарым-қатынасын мақтан тұтамыз. Біз бұған қуаныштымыз", - дейді Терешкова.

Айта кетейік, депутат қазір жұмыс сапарымен Астанада жүр.

пске сала кетейік, Қазақстанда екі рет 2016 -2017 жылдары Астананы елбасының есімімен ату ұсынылған болатын. Алайда бұл ұсыныс тіпті президент тарапынан да қолдау таппаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
34
2
1
2
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel