RU
Балкон арқылы ұрлыққа түскен павлодарлық тұрғын ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Балкон арқылы ұрлыққа түскен павлодарлық тұрғын ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу нәтижесінде полицейлер 2250-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pavlodarnews.kz

Фото: pavlodarnews.kz

2018 жылы 2-4 шілде аралығында өткен шара барысында бірқатар қылмыстың бетін ашқан.

"Полицейлер Омбы қаласында Қылмыстық кодекстің 228-1-бабының 4-бөлімімен қарастырылған қылмыс жасаған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Сонымен бірге «Құқықтық тәртіп» шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Ол пәтердің балконы арқылы кіріп, "Самсунг Смарт-ТВ" маркалы теледидарды ұрлаған. Аталмыш фактіге қатысты ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді департаментте.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel