RU
Астананың 20 жылдығына орай Назарбаевқа медаль берілді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астананың 20 жылдығына орай Назарбаевқа медаль берілді

Рассказать Вконтакте

Елордада Астананың 20 жылдығына және Қазақстан президентінің туған күніне орай кездесу өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және елорданың мерейтойымен парламенті сенаты мен мәжілісінің төрағалары, премьер-министр, мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, орталық мемлекеттік органдардың басшылары және Астана қаласының әкімі құттықтады.

Олар кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалі салтанатты жағдайда тапсырылды.

Шараға қатысушылар Қазақстан президентіне зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
1
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel