RU
Ауласында елуге жуық дәретханасы бар жатақхана жөнделіп жатыр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ауласында елуге жуық дәретханасы бар жатақхана жөнделіп жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Қызылордадағы жатақхана типтес үйдің тұрғындары бірнеше ай бұрын баспанамыз салынғалы жөндеу көрмеді деп шағымданаған еді. Әр үй жатақхана алдына дәретхана қазып алған еді. Олардың саны 50-ге жуықтайды. БАҚ беттерінде бұл мәселені бірнеше рет көтерілгеннен кейін қазір үйдің сырты әрленіп, іші жөнделіп жатыр деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрғындар желіде таралып кеткен видеодан кейін оң өзгеріс болғанын айтады.

"20 жыл бойы әжетханамыз, су сыртта болды. Өте қатты қиналдық. Әуелі әлеуметтік желіге салдық, кейін телеарналардан көрсете бастағаннан кейін, әкімдіктің бізге көзі түсті", - деген тұрғындар қазір жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтады.

Азаттықтың хабарлауынша, жөндеуге жұмсалған 64 млн теңгені тұрғындардың өзі ай сайын бөліп төлемек. Ал дәретхана орнына ойын алаңдары салынбақшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel