RU
Алматыда жоғалып кеткен "Томирис" фильмінің продюсері табылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жоғалып кеткен "Томирис" фильмінің продюсері табылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда екінші шілде күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған"Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртова табылды. Ол осы уақытқа дейін саяжайда болған деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Анна Чакиртова. Фото: instagram.com/anna.chakirtova

Анна Чакиртова. Фото: instagram.com/anna.chakirtova

Полицияның мәліметінше, әйел адам өзі байланысқа шыққан. Ол қазір отбасымен қауышқан. Ал продюсердің не себепті үйінен кетіп қалғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, Анна Чакиртова үйінен 2 шілдеде кешкі 21.00 мен 22.00 арасында шығып, қайта оралмаған болатын.

Ешкіммен сөзге келмеген Аннаның туыстары оның із-түзсіз кетуін жұмбақ жағдайға баласа, таныстары оның жоғалуына күйзеліс әсер етуі мүмкін екенін айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
3
2
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel