RU
Грузия президентінің күйеу баласына қарулы шабуыл жасалды
Жаңалықтар Әлемде

Грузия президентінің күйеу баласына қарулы шабуыл жасалды

Рассказать Вконтакте

Грузияның астанасы Тбилисиде ел президентінің күйеу баласы Миндию Гогочуриге шабуыл жасалды. Оқ тиген ер адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Sputnik Грузия агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: globallookpress.com

Көрнекі фото: globallookpress.com

Агенттіктің мәліметінше, оқиға түн уақытында Сабуртало ауданында болған. Гогочури аяғынан үш оқ жарақатын алған. Досы оны бірден ауруханаға жеткізіп, оған ота жасалған.

Әзірге Георгия Маргвелашвилдің күйеу баласына оқ жаудырғандардың кім екені белгісіз. Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Айта кетейік, бұл Миндию Гогочури жасалған алғашқы шабуыл емес. Ол 2017 жылы досымен бірге Тбилиси орталығында жасалған шабуылдан екеуі де аяқтарынан жарақат алған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel