RU
Қоғамдық автобусты тізгіндеген Шымкенттің хит әкіміне жұрт сүйсініп қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қоғамдық автобусты тізгіндеген Шымкенттің хит әкіміне жұрт сүйсініп қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Велосипедке мініп, елді шулатқан Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов енді қоғамдық автобустың рөліне отырды, деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ғабидолла Әбдіраxымов

Ғабидолла Әбдіраxымов

Әрбір сөзі xитке айналып, Қазнетте танымалдылыққа ие Шымкент "мэрі" велосипедті қойып, енді қоғамдық көлік рөліне отырды. Алайда Ғабидолла Әбдіраxымов автобус тізгіндеген жоқ, бар болғаны xалықты тасымалдайтын темір тұлпардың сапасын анықтамақ болды.

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар маршрутта жүретін 30 автобустың таныстырылымы өтті.

"Өткен жылы қала әкімдігінің басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық көлікпен қатынаған болатын. Соның нәтижесінде, қоғамдық көлік саласында бірқатар өзекті мәселелер анықталды. Солардың бірі - қалада шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағынаудандарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл мақсатта әлеуметтік маңызы бар 10 маршрут айқындалып, оның алғашқы 3 маршрутында жүретін 30 автобусты алдарыңызда таныстырып отырмыз. "T-bus" ЖШС қалған 70 автобусты алып келуге міндеттеніп отыр", - дейді Әбдірахымов.
Қоғамдық автобустар

Қоғамдық автобустар

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 26 көлік компаниясы қызмет көрсетуде. Жалпы саны 1100 дана көлік xалықты тасымалдап келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
2
3
5
32
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel