RU
Дональд Трамп Назарбаев пен Астананы туған күнімен құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дональд Трамп Назарбаев пен Астананы туған күнімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Астананың 20 жылдығымен және туған күнімен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп. Фото: ТАСС

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп. Фото: ТАСС

Дональд Трамп Қазақстан президентінің атына жолдаған құттықтау хатында биылғы қаңтарда Ақ үйде өткен кездесу барысында жеке достық қарым-қатынастың нығайғанына ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық одан әрі тереңдей түскенін атап өтті.

"Туған күніңізге орай Сізге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздің басшылығыңызбен "ЭКСПО-2017" көрмесін табысты өткізген Астана Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығына айналғанын көрсетті және болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мұра болып қала бермек", – делінген құттықтау хатта.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel