RU
Астанада мерекелік концертке келген қала қонақтары бір-бірін таптап кете жаздады
Жаңалықтар Қоғам

Астанада мерекелік концертке келген қала қонақтары бір-бірін таптап кете жаздады

Рассказать Вконтакте

Кеше Астананың бас алаңында елорданың 20 жылдығына арналған гала-концерт өтіп, оған қала қонақтары мен тұрғындары жаппай ағылды. Бас алаңда ине шаншар жер болмай, тұрғындар бір-бірін таптап кете жаздаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астананың 20 жылдығына арналған ауқымды концертті тамашалаушылардың санында шек болмады. Олар кешкі сағат 7-ден бастап бас алаңға ағылумен болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетерлігі қала билігі айтулы шараға әбден дайындалған көрінеді. Олар тіпті көше бойына тұрғындардың денсаулығы сыр берсе, алғашқы медициналық көмек көрсететін көліктерге дейін әкеп қойған екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бас шаһардың "туған күніне" орай ұйымдастырылған шараға еңкейген қариядан бастап, еңбектеген балаға дейін келген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Десе де күні кеше ғана қала билігі, "Концертке 16 жасқа толмаған әрі баласы бар отбасылар аталмыш концертке келмеуі тиіс" деген ескерту жасаған еді. Алайда тәртіп сақшыларының аталған өтінішін елеп-ескерген жанұя болмаған сынды. Алаңда асыр сап ойнап жүрген балалар көп болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сол сияқты әдеттегідей концерт алаңында түрлі тағам түрлерін ұсынған сауда нүктері де жетіп артылды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бір қызығы концерт өтетін сахнаның ерекше безендірілуі еді. Ұйымдастырушылар онда қанатын кеңге жайған алып құстың бейнесін бейнелеген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Гала-концерттің шымылдығын белгілі әнші-сазгер Лұқпан Жолдасов ашса, кейін сахнаға Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас және т.б. өнер иелері шығып, бірінен соң бірі өз әндерін орындай бастады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Десе де жас буынның дені "Ninety one" тобының сахнаға шығуын асыға күтті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Шараға келушілердің қатары болғандықтан, тәртіп сақшылары да көп болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ концертке келген меймандарды өз үйлеріне жеткізіп салу мақсатында, мынадай автобустар да тізіліп тұрды. Айта кетерлігі, кеше қоғамдық көліктер арнайы қала күніне орай, түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс жасаған еді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Концерт соңы мерекелік отшашуға ұласып, қала қонақтарын таң қалдырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel