RU
Түркістан облысында төрт үй өртеніп, үш жастағы бала қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында төрт үй өртеніп, үш жастағы бала қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінде төрт үй мен автокөлік өртеніп кетті. Жанған көліктің ішінде үш жасар сәби болған деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: finam.info

Фото: finam.info

"6 шілде күні департаментке Сарыағаш ауданындағы Жемісті ауылдық округінде Әуезов көшесінде орналасқан төрт үйді өрт шарпығаны жайлы хабарлама келіп түсті. Үйлермен бірге аулада тұрған "ВАЗ 2106" маркалы автокөлік жанған. Көліктің ішінен 2015 жылы туған сәбидің денесі табылды. Баланың неден көз жұмғаны анықталып жатыр", - деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөзі.

Айта кетейік, өрт 536 шаршы метр аумақты қамтыған. Тосын оқиғадан үш үй түгелімен өртке оранған. Ал төртінші үйдің шатыры ғана қызыл жалынға шарпылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
7
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel