RU
Циркте өнер көрсеткен піл байқаусызда көрермендердің үстіне құлап кетті
Жаңалықтар Әлемде

Циркте өнер көрсеткен піл байқаусызда көрермендердің үстіне құлап кетті

Рассказать Вконтакте

Цирк алаңында өнер көрсетіп жатқан піл, байқаусызда көрермендердің үстіне құлап кетті. Төтенше жағдай Германияның Оснабрюк қаласында орын алған деп хабарлайды focus.de сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеодан цирк алаңында көпшіліктің көңілін көтеріп жүрген үш пілді байқауға болады. Алып жануардың екеуі үшіншісін итеріп жіберген. Өз салмағын игере алмаған үш тонналық піл көрермендер отырған қатарға құлап түскен.

Айта кетейік, тосын оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Піл мен жануар үстіндегі ойыншы ешқандай жарақат алмаған. Тек бір көрермен соққыдан аяғын көгертіп алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
3
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel