RU
Ақтөбеде алаяқтар қарияны алдап, 1,6 миллион теңгесін алып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде алаяқтар қарияны алдап, 1,6 миллион теңгесін алып кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде "кондиционер ұтып аласыз" деп қарияны алдаған алаяқтар оның 1,6 миллион теңгесін жымқырып кеткен деп хабарлайды aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zt116.ru

Фото: zt116.ru

35-40 жастағы әйел қарияны алдап үйіне кірген. Сыйлық ұтып алатын купон мен кондиционер жайлы айтқан белгісіз әйелді 83 жастағы әжей үйіне кіргізген. Алаяқтың әрекеті видеоға түсіп қалған.

Қарияның туыстарының айтуынша, осыған дейін де алаяқтар бірнеше қартты сазға отырғызып кеткен.

"Былтырғы жылы көрші әжейді де дәл осылай алдап кеткен болатын. Ол жайлы айтылып, кейін ұмытылып кетті. Қарт кісілердің осылай алданып қалғанына қарағанда, сенімге кіретіндей дүние айтса керек. Енем бізге хабарласпақ болыпты. Бірақ әйел анамызды ол ойынан айнытқан. Қазір полицияға арыз түсіріп қойдық. Істі тексеріп жатыр", - деді әжейдің келіні.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel