Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал продюсердің қалай жоғалып кеткені белгілі болды

Опубликовано:

"Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртованың қалай жоғалып кеткені белгілі болды. Істің мән-жайын продюсердің қызы Кәмила Нұғманова айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Анна Чакиртова. Facebook
Фото: Анна Чакиртова. Facebook: UGC

Тосын оқиғаның қалай болғаны жөнінде Кәмила Нұғманова Instagram парақшасы арқылы мәлімдеді.

Қызының айтуынша, продюсер сол күні дәріханадан шығып, қала сыртындағы ескі саяжайына кеткен. Ол жолдан көлік тоқтатып, үйге жеткенде жақындарына хабарласпақ болған. Телефонын үйде қалдырғанын сол кезде білген.

"Анам сол күні жолай көлік тоқтатып, саяжайдағы үйге барған. Бізге хабарласпақ болғанымен, телефоны болмаған. Ол осы жоғалған күндердің бәрінде дәрі ішіп, есін жинай алмай жатқан.

Қазір анам дәрігерлердің бақылауында. Сіздерден анамды мазаламауларыңызды сұраймын", - деді Кәмила Нұғманова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741026-tanymal-produserdi-kalaj-zogalyp-ketkeni-belgili-boldy/

pixel