RU
Мейрамбек Бесбаев қоғамда дау тудырған дипломын көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев қоғамда дау тудырған дипломын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Еуразия ұлттық университетінің магистрі атанған Мейрамбек Басбаевтың басы дауға қалған болатын. Аталмыш оқу орнында қызмет ететін профессор Мырзантай Жақып әншілерді сынға алса, елге танымал тұлғалар Бесбаевты ақтап алған еді. Осыған қарамастан әнші қоғамда дау тудырған дипломын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзінің группаластарын құттықтаған әнші диплом алу сәтінен бірнеше суретті Instagram парақшасына жүктеп қойды.

Бұл суреттен соң желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

"Аға, дипломыңыз құтты болсын", "Ел айта береді ғой. Олардың аузына қақпақ бола алмайсың", "Сізге бір дипломды қимай қалды ма, көпшілік" десе, екінші біреулер

"Сатып алдың демеді ғой. Әншілер мен жұлдыздардың қалай оқитынын айтты. Ағылшын тілін білмей, университетке келмей грантқа оқитындарына ренжіді. Одан да ақылы оқып, шамасы жоқ жас студенттерге жол бергені дұрыс қой", "Өткенде әншілердің өзі ағылшын білмейтіндерін мойындады ғой. Енді келіп магистр атанып жүр", "Қалтасы ақшаға толы адам ғой. Ақылы түрде оқыса, мұрты да қисаймас" деп пікір білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
36
0
4
1
2
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel