RU
Нұрпрезидент: Сәбиіне ерекше есім берген қызылордалықтар өз ісін түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Нұрпрезидент: Сәбиіне ерекше есім берген қызылордалықтар өз ісін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Нұрпрезидент деп есім берген балақайдың туу туралы куәлігі әлеуметтік желіге таралып кеткен болатын. Қызылорда облысы Шиелі ауданының кішкентай тұрғынына ерекше есім берген әжесі болып шықты деп хабарлайды "Қазақпарақ" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

pravda.ru

pravda.ru

Теміровтер отбасы дүниеге келген ұл баланы Нұрпрезидент деп атаған әжесі Қалдыгүл Темірова екен.

"Елбасымыз Қазақстанды дамытуда көшбасшылық қасиетін көрсетіп келеді. Қазақ қашаннан бері ырымшыл халық. Перзентіміз болашақта жоғары биіктерден көрінсе дейміз. Жарық дүние есігін ашқан немереме осындай себеппен Нұрпрезидент есімін беріп отырмыз. Бұл есімді отбасыммен ақылдаса отырып, өзім қойдым.

Бұл есімге көпшілік таңғалып жатыр. Біз дүниеге келген перзентімізге осындай есім беруге ниет еттік. Немерем үмітімізді ақтап, халқының қалаулы азаматы болады деген сеніміміз бар", - деді Қалдыгүл Темірова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
69
9
10
5
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel