RU
Күйеуін қайтармақ болған: Сәбидің денесіне он ине тыққан туған анасы болып шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Күйеуін қайтармақ болған: Сәбидің денесіне он ине тыққан туған анасы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын Тәжікстанның тоғыз айлық тұрғынының денесінен он иненің табылған болатын. Дәрігерлер баланың инені жұтуы мүмкін еместігін ескерткен. Тергеу барысында нәрестеге инені өзінің туған анасы тыққаны анықталды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: wallcoo.net

Фото: wallcoo.net

Ол осы арқылы шетелде жұмыс істеп жүрген күйеуін қайтармақ болған. Әйелдің қандай да бір ырым жасағаны белгілі болды.

Айта кетейік, балақайдың басынан, аяғы мен кеудесінен, денесінен он ине табылып, дәрігерлер ауыр ота арқылы оның алтауын алып шыққан болатын. Алайда төрт ине тереңге еніп кеткендіктен, оны әзірге шығара алмаған.

Қазір баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
9
2
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel