RU
Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды (фото)
Жаңалықтар Спорт

Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Отандасымыз Астанада өткен бокс кешінде түрік боксшысы Хизни Алтункаяны ұтты деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта бір рет нокдаунға түсірді.

Шаршы алаңдағы Бейбіттің басымдығы төртінші раундта да байқалды.

Тоғызыншы раундта Бейбіттің дөп тиген тағы бір соққысынан кейін Хизни Алтункая екінші рет нокдаун алды.

Тоғызыншы раундтан кейін түрік боксшысының жаттықтырушылары жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Бейбіт Шүменов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық атағын иеленді.

"Елорданың 20 жылдығы құтты болсын. Елбасымыз аман болсын. Жігіттердің жеңісі құтты болсын. Екі-үш жылдың ішінде Қазақстаннан көп чемпиондар шығатынына күмәнім жоқ", - деді Шүменов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel