RU
Англия құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Жаңалықтар

Англия құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Рассказать Вконтакте

Футболдан Англия құрамасы араға 28 жыл салып әлем чемпионатының жартылай финалына жетті. Бүгін Ресейдегі доп додасының ширек финалында олар Швеция құрамасын 2:0 есебімен жеңді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: football-ua.com

Фото: football-ua.com

Алғашқы голды ойынның 30-шы минутында Харри Магуайр соқса, 58-ші минутта Деле Алли ағылшындардың басымдығын тағы бір голға арттырды.

Шведтер 90 минут бойы жауап қайтара алған жоқ. Осылайша, Англия құрамасы 28 жылдан соң әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Ағылшындар 1990 жылғы доп додасында 4-ші орын алғалы бері әлем чемпионаттарында жарқырай алған жоқ.

Бүгінгі матчтың үздік ойыншысы болып Англия құрамасының қақпашысы Джордон Пикфорд танылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel