Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей ертегісі аяқталды: Хорватия жартылай финалда

Опубликовано:

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында жолыққан Хорватия мен Ресей құрамаларының арасындағы матч шахмат жейделілердің жеңісімен аяқталды. Балқан түбегінен келгендер пенальти сериясы бойынша жеңіске жетті деп жазады NUR.KZ.

Фото: twitter.com/ESPNStatsInfo
Фото: twitter.com/ESPNStatsInfo: UGC

Ойынның 31-ші минутында Денис Черышев гол соғып, өз командасын алға жетелеген. Алайда, араға 8 минут салып хорваттар жауап қайтарды. Крамарич есепті теңестірген еді.

Екінші таймда қос команда қақпа кілтін таба алған жоқ. Осыдан соң, ойын овер тайммен жалғасты.

Қосымша уақытта Хорватия құрамасы Демогай Вида соққан голмен алға шыққан болатын. Бірақ Ресей сапындағы бразилиялық легионер Марио Фернандес ойынды құтқарып қалды.

Осылайша, қос команда пенальти сериясында жеңімпазды анықтады. Ресей құрамасының ойыншысы Федор Смоловтың тепкен добын Субасич қайтарды, ал Марио Фернандестің добы қақпадан қиыс кетті.

Фото: twitter.com/ESPNStatsInfo
Фото: twitter.com/ESPNStatsInfo: UGC

Акинфеев бір соққыдан өзгесін қайтара алған жоқ. Пенальти сериясында Хорватия жеңіске жетті.

Хорватия құрамасы 1998 жылғы әлем чемпионатынан бері алғаш рет жартылай финалға жетіп отыр.

Ресейдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өткен 4 команда белгілі. Финал жолдамасына Бельгия мен Франция, Хорватия мен Англия құрамалары таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1741077-resej-ertegisi-aaktaldy-horvatia-zartylaj-finalda/

pixel