RU
Жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкшенің екі баласы бар болып шықты
Жаңалықтар Әлемде

Жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкшенің екі баласы бар болып шықты

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның Шаартуз ауданы прокуратурасы кемінде он шақты ер азаматқа ВИЧ инфекциясын жұқтырған жезөкше әйелдің ісін сотқа жіберді деп хабарлайды Сentralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкшенің екі баласы бар болып шықты

Жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкшенің екі баласы бар болып шықты

Прокуратура мәліметі бойынша, айыпталып отырған 30 жастағы әйелдің екі баласы бар. Күйеуімен ажырасқаннан кейін тәнін сатып, пайда тапқан.

2014 жылдан бері ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығында есепте тұрады екен. Ол ВИЧ инфекциясын жұқтырғанына қарамастан, жыныстық қызмет көрсетуді жалғастыра берген.

Тергеушілердің айтуынша, оның клиенттерінің арасында үйленбеген жас жігіттер және бірнеше отбасылы ер азаматтар бар. Олардың бәрі де Шаартуз ауданының тұрғыны.

Әйелмен кемінде 10 ер адам жыныстық байланыста болған. Бірақ олардың қаншасы ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны жарты жылдан кейін анықталады екен.

ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығының меңгерушісі ​Акрам Давлатов айыпталып отырған әйелден індетті басқа адамдарға жұқтырмау жөнінде қолхат алынғанын айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel