RU
Баянауылда таудан құлаған тоғыз жасар бала комаға түсіп қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Баянауылда таудан құлаған тоғыз жасар бала комаға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен бір шақырым жерде тоғыз жасар бала құлап, жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, жеткіншек омыртқасын зақымдаған және бас ми-жарақатын алған деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баянауылда таудан құлаған тоғыз жасар бала комаға түсіп қалды

Баянауылда таудан құлаған тоғыз жасар бала комаға түсіп қалды

Бұл туралы агенттікке туризм бойынша нұсқаушы Марина Каримова айтты.

"Аса жоғары биіктіктен құламаған, төменгі құлаған жерде тастар болған. Ұл бала ата-анасынан бұрын алға қарай жүгіріп кетіп, жоғары көтерілген кезде тепе-теңдікті ұстай алмаған.

Дәл қай жерде құлағанын білмеймін. Сол жерде болған жігіт көмектеспек болып баланы көтерген. Мұндай жағдайда олай әрекет етуге мүлдем болмайды.

Баланы биіктен түсіру үшін көп күш жұмсауға тура келді", - дейді Марина Каримова.

Кейін жеткіншек санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Оның омыртқасы зақымданып, бас ми жарақатын алған. Қазіргі таңда компьютер томографиясынан өтуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel