RU
Ұсталған әйелдерді шешіндіріп қинаған офицер жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Әлемде

Ұсталған әйелдерді шешіндіріп қинаған офицер жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Самарқанд облысы Каттақорған қаласында ұсталған екі әйелді милиция бөлімінде тыр жалаңаш шешіндіріп қинағаны туралы ақпарат тараған соң, облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғап, күдіктілер тергелуде деп хабарлайды Сentralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Санат Умаровты түнімен тергеді. Таңертеңге жақын жәбірленушіні алып келді. Әйел Самарқанд облысы ішкі істер департаменті мен облыстық прокуратура қызметкерлеріне куәлік етті", - дейді милиция қызметкерлері.

4 шілдеде Өзбекстанның бас прокуратурасы Санат Умаровқа қатысты "қызметін асыра пайдаланғаны үшін" қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Бас прокуратура мәліметі бойынша, қазір Умаровты қамауға алу мәселесі қаралып жатыр.

Жәбірленген әйелдің көршісі оның ауыл шетінде өте кедей тұратынын айтты.

"Бұл әйелдің күйеуі бауыр ауруынан қайтыс болған. Ол әйелдің тұратын жерін үй деуге де келмейді. Ол жерде тіпті ит те тұрмайды. Аулада қақпа да, қоршау да жоқ. Ол өте кедей тұрады", - деді милиция қызметкерінен жәбір көрген әйелдің көршісі.

Ішкі істер министрлігі Каттақорған милиция бөлімінде болған жағдайға қатысты мәлімдеме таратты.

"Қазіргі таңда Санат Умаров ішкі істер органдарынан заңсыз әрекеті үшін жұмыстан шығарылды. Министрлік басшылығы мұндай жағдай қайталанбас үшін тиісті шаралар қолданады", - делінген министрлік мәлімдемесінде.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
1
0
2
4
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel