RU
Ауа райы болжамы: Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Бүгін еліміздің кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы болжамы: Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін

Ауа райы болжамы: Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жаууы мүмкін

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының жекелеген аудандарында найзағай ойнап, 15-25 м/с жылдамдықта жел соғып, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жауады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел шаңды дауылға ұласады.

Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай жарқылдайды.

Күндіз Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болып, кей жерлерде аптап ыстық болады.

Алматы, Атырау облыстарында, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында өрт шығу қаупі жоғары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel