RU
"Соңына дейін күресті": Путин ширек финалда жеңілген Ресей құрамасына баға берді
Жаңалықтар

"Соңына дейін күресті": Путин ширек финалда жеңілген Ресей құрамасына баға берді

Рассказать Вконтакте

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Хорватияға жол беріп, жартылай финалдан құр қалған Ресей құрамасының жеңілісі туралы президенттің пікірін айтып берді деп хабарлайды РИА Новости порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Путин

Владимир Путин

Дмитрий Песковтың сөздерінше, Ресей басшысы 1/4 финалдық кезеңде батылдық көрсеткен футболшылардың ойынына оң баға беріп, ұлттық құраманың барлық ойыншыларын және бас бапкер Станислав Черчесовты мундиальді қорытындылауға шақырған.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы президенттің Черчесовпен екі мәрте сөйлескенін атап өтті. Путин Хорватиямен өтетін матчтың алдында және ойын аяқталған соң бапкермен әңгімелескен.

Ел басшысының айтуынша, жеңіліске қарамастан оған аталмыш ойын ұнаған, сонымен қатар, ресейлік құраманың футболшылары соңғы сәттерге дейін барын салған.

Естеріңізге сала кетсек, футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалында Хорватиямен кездескен Ресей ұтылып қалған болатын. Олар негізгі және қосымша уақытта хорваттармен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіліс тапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
3
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel