RU
Қостанайда үш әйелді құтқарған азамат жанұясының көзінше ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда үш әйелді құтқарған азамат жанұясының көзінше ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Қостанайда 7 шілде күні қайғылы жағдай орын алды. Суға батып бара жатқан үш әйелді құтқарған азаматтың өзі әйелі мен баласының көзінше ажал құшты деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үш әйелді құтқарған қостанайлық азамат жанұясының көзінше мерт болды

Үш әйелді құтқарған қостанайлық азамат жанұясының көзінше мерт болды

Демалушы әйелдер рұқсат етілмеген жерде суретке түсіп тұрған. Құтқарушылар олардан басқа маңға баруын сұрайды.

Алайда арнайы қызметкерлердің көзін ала бере үш әйел суға түсіп, бата бастаған. Оларды байқап қалған ер адам жүгіріп жетіп, құтқаруға кіріседі.

Айқайға басқан әйелдердің үшеуін де жағаға алып шыққан азаматтың өзін ақыры аяғы су тартып әкеткен.

Ең сорақысы, өзгенің өмірін құтқаруға асыққан ер адам әйелі мен баласының көзінше ажал құшты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
3
26
2
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel