RU
Өзбекстан әншілері енді тойдан "қырып" ақша таба алмайтын болды
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстан әншілері енді тойдан "қырып" ақша таба алмайтын болды

Рассказать Вконтакте

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесі үйлену тойы, мерейтой және басқа да мейрамдарда жұлдыздар алатын ақшаның мөлшерін бекітті. Гонорардың құны 700 мың сумнан (90 доллар шамасында) 1,5 миллион сумға (190 доллар) дейінгі мөлшерді құрауы тиіс деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзбек жұрты әншілердің гонорарына шектеу қойды

Өзбек жұрты әншілердің гонорарына шектеу қойды

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесінде атап өткендей, тарифті белгілеген кезде халықтың мүмкіндігі ескерілген. Әншілердің тізімі кеңейтіліп отырмақ.

Әзірге жаңашылдық тек Ташкентте енгізілген, бірақ бір айдың ішінде Өзбекстанның барлық қаласы мен өңірінде әншілердің тізімі мен олардың қызметінің құны белгілі болады.

Бұған дейін көрші елдің депутаттары ұлттық дәстүр, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ас та төк тойларға тыйым салмауды шешкені хабарланған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
1
1
73
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel