Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Шүменов түрік қарсыласының қабырғасын сындырып жіберген

Опубликовано:

Екі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстанның тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің жаттықтырушысы, кубалық белгілі бапкер Исмаэль Салас титулдық жекпе-жекте Алтункаяны неліктен бірден нокаутқа түсіруді талап етпегенін айтты. Бұл туралы Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шүменов

Шүменов қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірген. Сол кезде Алтункаяның қабырғасын сындырғаны кейін анықталды.

Жекпе-жек оныншы раундқа дейін жалғасты. Бірақ, Шүменов сол кезде соққыларын үдеткісі келгенін, алайда бапкерінің тактикасы бойынша жұдырықтасқанын айтты.

"Бейбіт ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шыққан жоқ және мен алты-жеті раундтан әрі шыдаған болса оны жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Сонымен қатар, ол рингте болып жатқанның барлығын бақылай алды, мен өте бақыттымын. Әзірше жоспар құрудың қажеті жоқ. Бейбітке демалу керек, себебі онда ұзақ жаттығу лагері болды. Содан кейін ғана алдағы жоспарларды талқылаймыз", - дейді Исмаэль Салас.

Еске сала кетейік, Шүменов Астанада түрік боксшысы Хизни Алтункаяны жеңді. Бұл жеңіс Шүменов үшін 18-ші болып отыр (12-і уақытынан бұрын), сөйтіп ол WBA титулын қайтарып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1741134-bejbit-smenov-trik-karsylasyny-kabyrgasyn-syndyryp-zibergen/

pixel