RU
Түркияда «мемлекетке қауіпті» 18 мың қызметкер жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Әлемде

Түркияда «мемлекетке қауіпті» 18 мың қызметкер жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Түркияда түрлі министрліктер мен ведомстволардағы мемлекеттік қызметтен "ұлттық қауіпсіздікке қарсы іс-әрекет" күдігіне іліккен 18 мыңнан астам адам босатылған. Бұл туралы Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Түркияда «мемлекетке қауіпті» 18 мың қызметкер жұмыстан қуылды

Түркияда «мемлекетке қауіпті» 18 мың қызметкер жұмыстан қуылды

8 шілдеде жарық көрген жарлыққа сәйкес, елде 12 ассоциация, үш газет және телеарна жабылады. Ең көп адам – 9 мыңға жуық қызметкер Бас қауіпсіздік басқармасынан жұмыстан босатылады.

Сонымен бірге, ғылыми институттарда еңбек еткен 199 адам жұмыссыз қалды. Жұмыстан босағандардың барлығы мемлекеттік қызметшіге тиесілі жеңілдіктен айрылды, оларға мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеуге тыйым салынған.

Осыдан екі жыл бұрын іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін елде жарияланған төтенше жағдай тәртібі осы айда аяқталады деп хабарланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
4
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel