RU
Павлодар облысында жардан құлаған балақай комаға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында жардан құлаған балақай комаға түсті

Рассказать Вконтакте

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен бір шақырым жерде 9 жасар бала таудан құлап, зардап шекті деп хабарлайды pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:silkadv.com

Көрнекі фото:silkadv.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол омыртқасынан зақым алған.

"Бала санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның омыртқасы зақымдаған және бас ми жарақатын алған. Қазіргі таңда компьютер томографиясынан өтуде", - деді ведомствода өкілдері.

Туризм бойынша нұсқаушы Марина Каримованың мәліметінше, балақай аса жоғары биіктіктен құламаған, төменгі құлаған жерде тастар болған дейді.

"Ұл бала ата-анасынан бұрын алға қарай жүгіріп кетіп жоғары көтерілген кезде тепе-теңдікті ұстай алмаған. Дәл қай жерде құлағанын білмеймін. Сол жерде болған жігіт көмектеспек болып баланы көтерген. Мұндай жағдайда олай әрекет етуге мүлдем болмайды. Баланы биіктен түсіру үшін көп күш жұмсауға тура келді", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel