RU
Алматы облысындағы аурухананың адам шошырлық суреттері тарап кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысындағы аурухананың адам шошырлық суреттері тарап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Zhanna Assanova өзінің Facebook парақшасында Алматы облысындағы ауруханалардың бірінен адам шошырлық суреттерді жариялады. Ол науқастардың емделетін орнында жағдайдың жасалмағанына шүйлікті деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: nur.kz. Фото: Zhanna Assanova/facebook

Коллаж: nur.kz. Фото: Zhanna Assanova/facebook

"Бұл қорқынышты фильмнің кадрлары немесе лагерь хроникасы емес, Шелек ауылы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары ем іздеп баратын аурухана. Жарақат алған, күйік шалған, тамақтан уланған, жүрек талмасы ұстағандар мен басқалар осында келіп түседі", - деп жазба қалдырған алматылық әйел.

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Келіншектің айтуынша, емдеу орнында қажетті құрылғылар түгілі, кейбір дәрі-дәрмектер де табылмай қалады екен.

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Бірнеше жыл бұрын оның туысы аталмыш ауруханаға түсіп көз жұмған. Науқасқа қажетті дәрі табылмай, үшінші қабаттағы жансақтау бөліміне көтерілетін лифті істен шықты дейді. Содан бері үш жыл өтсе де, әлгі лифт әлі жөнделмеген көрінеді.

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Аурухана жағдайына ашынған әйел ондағы жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкерлері жөндеу жұмыстарын өз қалтасынан ақша шығарып жасайтынын жеткізді.

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

"Мемлекеттік қорда ақша жоқ деп ойламайтын. Тек оны жүйле түрде бөліп, бірнәрсені өзгертуге тырыспайды. Ал қажеттіліктерді саралайтын адам бұл ғимарат туралы білмеуі де мүмкін", - дейді Жанна.

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Фото: Zhanna Assanova/ facebook

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
1
4
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel