RU
Баян Алагөзова ел алдында өзінің қателік жасағанын мойындап, кешірім сұрады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова ел алдында өзінің қателік жасағанын мойындап, кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзова еліміздің сот жүйесіне қатысты айтқан сынын қайтып алып, керісінше Жоғарғы сот төрағасына ел алдында алғысын жаудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Баянның айтуынша, ол еліміздің сот жүйесін айыптап, оның жұмысына қатысты сын айту арқылы қателік жасаған. Сондықтан, ол кезекті жазбасында өзі сынға алған бұл құзырлы орган қызметкерлерінен ресми түрде кешірім сұрады.

"Еліміздің сот жүйесін сынға алу үйреншікті құбылысқа айналды. Жуырда ғана мен де солардың қатарында едім. Алайда кез келген адам қателік жасауы мүмкін. Мен де қателіктен кенде емеспін. Шынымды айтсам, мен бұл қателігіме қуандым. Себебі әділеттіктің туы көтерілсе - одан асқан сый жоқ шығар", - деп жазды ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
3
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel