RU
Қос жанары да көрмейтін атыраулық жеткіншектер ерекше дарынымен көпшілікті тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қос жанары да көрмейтін атыраулық жеткіншектер ерекше дарынымен көпшілікті тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде "Қанағат" триосы өздерінің 5 жылдықтарына орай шығармашылық кеш өткізді. Бұл концерттің бір ерекшелігі, әншілердің екеуінің көзі мүлдем көрмесе, біреуі әлсіз көреді деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Атырау облысы Махамбет ауданының тумалары Арман Дүйсенқұлов пен Асылбек Қуанышқалиев және маңғыстаулық Шапағат Сәкенұлы Орал қаласындағы көрмейтін және көздері әлсіз көретін балаларға арналған арнайы интернатта бірге оқиды.

2013 жылы "Қанағат" тобын құрған талантты балалар кәсбіи музыкант болуды армандайды.

"Біздің репертуарымызда халық әндері де, эстрадалық әндер де бар, өзіміз де ән шығарамыз. Келесі жылы мектепті аяқтаған соң, жоғары музыкалық оқу орындарына түсеміз деген жоспарларымыз бар, - дейді Арман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel