RU
Толғағы қысқан әйел дәл әуе кемесінде босанып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Толғағы қысқан әйел дәл әуе кемесінде босанып қалды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстаннан Ресейге бағыт алған әйел ұшақта босанып қалды. Толғағы қысқан келіншекті "Уральские авиалинии" әуе компаниясының жолсеріктері босандырып алған деп хабарлайды "Кабар" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: biletik.aero

Көрнекі фото: biletik.aero

Оқиға 7 шілде Ош – Екатеринбург бағытында ұшқан әуе кемесінде болған.

Агенттіктің мәліметінше, ұшақ көкке көтерілгеннен кейін жолаушының толғағы басталып, су кеткен.

Жедел іске кіріскен бортсеріктер дәл әуеде жүкті әйелді сәтті босандырып, ол ұл баланы дүниеге әкелген.

Осыдан кейін ұшақ Ош әуежайына қайта қайтып, ана мен баласын жедел жәрдемнің қолына тапсырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel