RU
Қуандық Рахым Шымкенттің "зың" әкімін жер-көкке сыйғызбай мақтады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қуандық Рахым Шымкенттің "зың" әкімін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Рассказать Вконтакте

Қазақ шоу бизнесінің жарық жұлдызы, талай сұлудың жүрегін жаулап үлгерген жас әнші Қуандық Рахым Қазнетті шулатқан танымал әкім Шымкент әкімі туралы пікір білдірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Қуандық Рахым. Фото: juldyz.kz

Қуандық Рахым. Фото: juldyz.kz

Өнер иесі шырайлы шаһар мен оның басшылық тізгінінде отырған Ғабиддола Әбдірахымов туралы ойын су жаңа мегаполистегі шаралардың бірінде өнер көрсету мақсатпен келген сапарында білдірді.

"Шыны керек, Шымкент республикалық маңыздағы қала статусына ие болғанда ерекше қуандым. Басқа-басқа Шымқаланың осындай атқа ие болуы тектен-тек емес. Бұл қала қазақтың қаймағы бұзылмаған мекен. Басқаларға үлгі бола алатындығына қуандым. Тек Шымкент емес, еліміздің өзге де қалаларында халық саны миллион, екі-үш млн тұрғынға жетіп, біз осылай әнімізді арнап, той тойлап жүре беруімізді Алла жазсын", - деп сөзін бастаған Қуандық Рахым халық санының көбеюі той-томалақтың артуына тікелей әсер ететінін де жасырып қалмады.

"Шымкенттің қазіргі әкімі бұл қызметіне қайта отырғанын білемін. Жалпы ол кісіні жекелей болмаса да, сыртынан жақсы танимын. Есте қалғаны, ол кісі қаладағы басшылық қызметтегі адамдарды түгелімен автобусқа отырғызды. Өзі де қателеспесем бір ай автобуспен жүрді. Қаланың өркендеуіне үлес қосып жатыр деп естиміз. Тіпті әкім туралы әннің шыққанын да ғаламтордан көрдім.

Ол басшының танымалдылығын арттырмаса, кесірін тигізбеді деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, Ғабидолла Әбдірахымовты халыққа не қажеттігін білетін заманауи әкім деп ойлаймын өз басым", - деді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel