RU
78 жастағы кейуана қажылыққа жинаған ақшасына көпір салып берді
Жаңалықтар Әлемде

78 жастағы кейуана қажылыққа жинаған ақшасына көпір салып берді

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның 78 жастағы тұрғыны қажылыққа жинаған қаражатын қайырымдылыққа жұмсады. Меткі қышлағында тұрғызылған құрылыс заттарын тасымалдайтын көліктерге арналған көпір Махтоб Фозилованың ақшасына салынған деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:english.alarabiya.net

Фото:english.alarabiya.net

Қария қажылыққа бару үшін бірнеше жыл бойы қаржы жинаған. Алайда соңғы сәтте ол барлық ақысын көпір жасауға жұмсауға шешім қабылдаған.

Қышлақ тұрғындарының осы көпір арқылы басқа елді-мекендермен хабар алысуға мүмкіндіктері туған.

Көпірдің ашылу салтанатына қатысқан басшылар қарт тұрғынға өз алғыстарын жаудырды.

Айта кетейік, Тәжікстан халқы үшін қажылық құны 4 мың долларды (1 млн 368 мың теңге) құрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel