RU
Танымал рэпер Тимати мен шымкенттік Нәзиманың арасында не бар? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал рэпер Тимати мен шымкенттік Нәзиманың арасында не бар? (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "Песни на ТНТ" жобасына қатысып, танымалдылыққа ие болған Нәзима Жәнібекова Тиматимен ара-қатынасын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Нәзима Жәнібекова мен Тимати. Фото-коллаж: NUR.KZ

Нәзима Жәнібекова мен Тимати. Фото-коллаж: NUR.KZ

Танымал репэрдің көңілінен шыққан ару "А поговорить?" жобасында ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

"Біздің арамызда тек кәсіби қарым-қатынас. Ол - тәлімгер, продюсер және ол біздің барлығымызға қолдау көрсетуші. Біз үнемі студияда тректер жазамыз", - деді Нәзима Жәнібекова.

Тележүргізуші "Тимати қандай да бір лебіз танытып, сезім білдірді ме?" деп сұрады.

Ал Нәзима: "Әрине жоқ. Бұл тек сандырақ. "Назима + Тимати" деп пікір білдірушілер бізді үйлендіріп, бала туралы да жазып тастапты. "Нәзима Тиматиге ұнап қалыпты" деген миллион пікір бар. Әпкем екеуміз түскен сурет бар болатын. Біреулер әпкемді қиып тастап, ол жерге Тимур Ильдаровичтің суретін қойыпты", - деді қазақстандық әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel