RU
Немересінен бар асылын аямайтын жұлдызды ата-әжелер кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Немересінен бар асылын аямайтын жұлдызды ата-әжелер кімдер?

Рассказать Вконтакте

Қазақ мәдениетіндегі тұлғалардың біразы ерекше сезімге бөленіп, немерелерін бағып отыр. NUR.KZ порталы Comode.kz-ке сілтеме жасай отырып ата-әже атанған жұлдыздар топтамасын ұсынады.

Cурет: comode.kz

Cурет: comode.kz

Эрик Тастембеков

Эрик Тастембеков – Қазақстандағы ең мықты әрі кәсіби продюсерлердің бірі де бірегейі. Танымал продюсердің өмірлік серігінің есімі – Көгершін. Ал, олардың ортақ Дамиля және Дамир есімді жобалары бар.

Тұңғышы Дамиля продюсерге бір ұл мен бір қыз сыйлаған. Сүйікті жиендері Аделе мен Тамико қазір Швецария мемлекетінің оңтүстік-батысындағы Женева қаласында тұрады. Ал, 2016 жылы шаңырақ көтерген ұлы Дамир мен Вика жұлдызды атаға Омар есімді немерені сыйлады. 2017 жылдың қазанында дүниеге келген Омар әзірге Эриктің ең сүйікті немересі.

Гүлзира Үсенқызы

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира ханымның қазақ өнерінде алар орны ерекше.

Гүлзира Үсенқызының Алау, Сезім, Нарұл, Хан есімді төрт тәттісі бар. Үш ұлдан кейін қылықты қызды армандаған Гүлекең үшін Қайрат пен Жұлдыздың қос аруы ең тәттілері. Алау мен Сезімнің мінездері мен қылықтарын да өзіне ұқсатады.

Шахизада

Сурет: comode.kz

Сурет: comode.kz

Шахизада – қазақ сахнасындағы стильі мен бағыты өзгеше әнші. Ал, өмірде ең бақытты әже. Өйткені, оның ұлы Олжас пен келіні Ләззат қос немере сыйлады.

Тұңғышының есімін Кәусар деп Шәкеңнің өзі қойған.

Гүлнұр Мамасарипова

Бұл есімді қазақ телехикаяларын үзбей көретін көрермен жақсы таниды.

Тұңғышы қызының қызы Айлин Гүлнұр үшін ерекше жақын. Қылықты қызын продюсер әже жанынан бір елі қалдырмайды. Әсіресе, шетелге демалысқа баратын болса бірінші өзінің емес, Айлиннің чемоданын жинастырып, дайындайды екен.

Жан Байжанбаев

Талай кинокартиналарда басты рөлді сомдаған актер Жан Байжанбаев да жұлдызды ата-әжелердің тізімінде. 17 жасында киноактер ретінде шығармашылық жолын бастаған актердің өмірлік жарының есімі –Гүлнар.

Қос қыздың ата-анасы атанған Жан мен Гүлнар қазір бақытты ата-әже. Олардың Амели, Алика және Есения есімді сүйікті немерелері бар. Тәтті балақайларға ерекше есімді актердің өзі таңдапты.

Нұрлан Еспанов

Сөзі де, өзі де әзіл-сықақ театрларының басты тақырыбына айналған Нұрлан Еспанов та ата. Алайда, әнші немеренің тәттілігін сезініп үлгермей жүргендей.

Десе де, өмірдің қызығы Әлиханның қылықтары мен былдырлаған тілінде екенін Еспанов жоққа шығармайды. Әзірге Әлихан батыр Шымкенттегі ата-әжесіне еркелеп өсіп жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel