RU
Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Туа бітті құлағы естімейтін Алматы тұрғындары Қазақстан тарихында тұңғыш рет ТМД-ның 15 қаласына автосаяхат жасады. Шағын топ бұл саяхатқа аттану үшін 9 жыл бойы дайындалған деп жазады NUR.KZ.

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Дархан Оразалиевтің өзі де, әкесі мен анасы да, тіпті, жұбайы да мылқау. Десе де, ол денсаулығындағы кемшілік үшін ешкімді жазғырмайды және өзіне қоғам мүшелерінің аянышпен қарағанын да ұнатпайды. Дархан мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, еліміздегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр.

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Мәселен, ол 2017 жылы өткен қысқы Универсиада ойындары кезінде волонтер ретінде қызмет етті. Ұйымдастырушылар ұзақ уақыт бойы Дарханның өтінімін қабылдамаған. Бірақ өз мақсатына қалай да болса жетуге машықтанған ол өзінің көп нәрсені тындыра алатынына өзгелерді сендіре алды.

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

"Интернеттен Универсиада ойындарына еріктілер іздеп жатқаны туралы хабарландыруды оқыдым. Дереу құжаттарымды жинап, ұйымдастырушыларға бардым. Олар құжатымды алып қалды да, өзіме уәде беріп шығарып салды. Содан кейін олардың жауабын күтумен екі ай жүрдім. Еш хабар болмаған соң, қайтадан комитетке барып, мені қабылдауды сұрадым. Ұзақ ақылдасқан соң, олар мені қабылдады. Универсиада кезінде мен шорт-тректен жарысқа қатысушыларға көмектестім", - дейді Дархан.

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Жақында Дархан әкесі Ермекқали, досы Ролан және тегі ирандық болғанымен, Италияда тұрып жатқан мылқау жігіт Сасанмен бірге ТМД-ның 15 мемлекетін көлікпен шарлап қайтты. Өкінішке қарай, Қазақстандағы мылқаулар тарихында тұңғыш рет өткен автосаяхатқа белгілі кәсіпкерлердің біреуі де көмектеспеген.

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

Алматыда төрт мылқау жігіт ТМД-ның 15 қаласын аралап шықты

"Біз 35 компанияға қоңырау шалдық. Олардың ешқайсысы бізге сенбеді. Бірақ біз бұл үшін өкінбейміз. Мүгедектерге берілетін жәрдемақыны үнемдеп, жинап, жолға шықтық. Шетелден көріп, білгенімізді сипаттау мүмкін емес. Шетелдердегі мылқауларға Қазақстан мен оның тарихын жеткізуге тырыстық. Барлық қаладағы мылқаулар ұйымына кіріп шықтық. Біз бұл саяхатты 9 жыл бойы жоспаралаған едік. Орындалды. Енді Еуропаны шарлағымыз келеді", - дейді олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel