RU
Алматы облысында 13 жастағы оқушы екі аптадан бері табылмай жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында 13 жастағы оқушы екі аптадан бері табылмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 13 жастағы Иса Бекбаев екі аптадан бері іздестіріліп жатыр. Баланың жоғалғаны туралы ақпарат желіде пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: ВК/Ирина Катухова

Сурет: ВК/Ирина Катухова

Хабарламада айтылғандай, жеткіншек Үштөбе қаласында 29 маусым күні жоғалып кеткен.

Расталмаған ақпарат бойынша, оқушы Қаратал өзенінде батып кетіпті. Мұны жағадан табылған оның заттары растап тұр.

Алайда туыстары баланың аман-сау табылатынына сеніп отыр екен.

Исаның денесі орташа, көздері қою қара, шаштары қара, құлақтары шығыңқы. Жеткіншектің бағыт-бағдардан жаңылысуы мүмкін.

Облыстық ІІД баланың жоғалғаны жайлы ақпаратты растады. Құқық қорғаушылар Исаны іздестіру шараларына көшкен.

Сурет: ВК/Ирина Катухова

Сурет: ВК/Ирина Катухова

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel