RU
"Халтура": Астананың бас алаңында қирап жатқан плиталар қонақтарға жақпай қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Халтура": Астананың бас алаңында қирап жатқан плиталар қонақтарға жақпай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада қала күнін атап өтуге келген қонақтар, бас алаңның сапасыз салынғанын айтып, қала билігін сынға алды. Олар бас алаң плиталарының сынып, қирап жатуы бас қала статусына сай келмейді дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астанада қала күніне орай республиканың түкпір-түкпірінен келген ел тұрғындарының легі азаятын емес. Олар шаһардың бас нысандарын аралап, елорда жайлы өз әсерлерімен бөлісуде.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Сонау Қызылордадан ат терлетіп келдік. Балаларым бірнеше жылдан бері осында, соларды жағалап, немерелерімді бір иіскесек деп келдік. Айтайын дегенім, өткенде қала күніне орай "Қазақ елі" монументі орналасқан бас алаңға барған едік. Әлгі алаңның тастары қирап, сынып жатқанын көріп, жаға ұстадық. Қала күніне дейін, соны жөндеп қойса болатын еді ғой? Басқа басқа, Астананың статусына мынадай олқылықтар сай келмейді деп ойлаймын. Мынау тұрған биік көк үйден былай қарайғы жол, сол алаңға апарады екен. Жол бойы плиталармен жүру мүмкін емес. Шытынап, қирап жатыр. Біз сияқты үлкен адамдар тіпті шалынып жығылып қалуы әбден мүмкін", - дейді қызылордалық ақсақал.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен бірге, ол ақшаны үнемдеп, осындай нысандарды сапасыз салатын шаһар атқамінерлерін сынға алды.

"Қаражатты аямай бөліп, жөндетсе болатын еді ғой? Құр әшейін, бер жағы жылтырағанымен, сапасыз салынғаны көрініп-ақ тұр. Орысша айтқанда таза "халтура". Сын айтылмай, мін түзелмейді дейді. Елордалықтардың құлағына алтын сырға, қаланың басты нысандарын тақтайдай қылып жөндеп, айналасын тап-тұйнақтай етіп қою керек. Әйтпесе, басқа өңірлерден, біз сияқты келіп жатқан отандастарымыздың алдында ұятқа қалып жатырсыздар", - деп өз ойын айтты ақсақал.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel