Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы бір миллион теңге үшін сүйген жігітін тастап кеткен

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын бағдарлама барысында қойдың құмалағын жеп, елді елең еткізген ару, енді сүйгенін бір миллион теңгеге алмастырып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Кел-келінім. Фото: Бағдарламаның Instagram парақшасынан алынды
Кел-келінім. Фото: Бағдарламаның Instagram парақшасынан алынды: UGC

Бағдарламаның бірінші маусымының жабылу салтанаты барысында Перизат есімді аруға сүйгенін немесе бір миллион теңгені таңдау керектігі айтылған.

Бойжеткен алғашқыда сүйгені Даниярдың ұсынысын қабыл алып, қолына жүзікті тағып алған Перизат, ақшаны көргенде өз ойынан айныған.

"Ақша керек болды, сол үшін ақшаны таңдадым. Басында Даниярды ұнатқандықтан ұсынысын қабыл алдым. Ал болашақта Даниярмен бірге болмайтынымызға сенімдімін", - деп ақталды ару.

Бұл бағдарламаны көрген көрермендер, қазіргі таңда мұндай қыздардың көп екенін айтып, Перизатты сынға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741226-kazak-kyzy-bir-million-tege-sin-sjgen-zigitin-tastap-ketken/

pixel