Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 рет бас тартты": Сүйіктісінің жүрегін 7 ай бойы жаулай алмаған Хорватия ойыншысы кім?

Опубликовано:

2011 жылы Иван Ракитичті "Севильяға" шақырған кезде ол келіссөздер жүргізу үшін Испанияға келеді. Келесі күні барға кіріп қалған бетте даяшыны байқап қалған футболшы "Мен Севилья құрамында ойнап, мына даяшыға үйленемін!" деп айқайлап жіберген. Бұл туралы Комсомольская правдаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: Спорт БИЗНЕС Online
Сурет: Спорт БИЗНЕС Online: UGC

Футболшы даяшыға ештеңе дей алмады. Себебі әлемнің бес тілін білсе де, испан тілін білмейтін. Келесі күні ол Севильямен келісімшартқа отырып, өзінің сүйіктісі Ракель жұмыс істеген қонақ үйде қалып, испан тілін меңгере бастаған. Испан қызы оған 30 рет кездесуге бармаймын деп қарсылық танытқан.

"Сен футболиссің. Бір жылдан кейін көшіп кетуің мүмкін", - деді күндердің бір күнінде даяшы бойжеткен.

Намыстанған Иван өзін құрамада қалатындай етіп көрсету үшін ең мықты ойыншы болу мақсатын қояды. Севильялықтар бойжеткенді тым болмаса бір кездесуге баруын өтінген. Жеті ай қарсылық танытқан ару ақыры кездесуге баруға келісіпті. Көп ұзамай олар үйленді. Қазір екі бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1741234-30-ret-bas-tartty-sjiktisini-zregin-7-aj-bojy-zaulaj-almagan-horvatia-ojynsysy-kim/

pixel